ҰҚК билікті басып алуға бағытталған террорлық актілердің алдын алмады – Президент

Бүлінген нысандар жақын арада қалпына келтіріледі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел билігін басып алуға бағытталған террорлық актілердің алдын алмады. Осы күндердегі барлық қайғылы оқиғалар – жылдар бойы ұйымдастырылған зұлымдықтың көрінісі. Парламент Мәжілісінің отырысында Президент осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған ұлтаралық қақтығыс та жоспарланған әрекет екенін атап өтті. Сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының елдегі жұмысына қатысты шетелде тарап жатқан түрлі қауесеттердің алдын алу керектігін айтты.

Қазақстан – ұйымның толыққанды құрылтайшысы. Бітімгерлік контингент стратегиялық нысандарды қорғап, кеңес беру үшін елімізге уақытша келді. Ал лаңкестерге қарсы операцияны қазақстандық күштік құрылымдар іске асырып келеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы 2 күн бойы Алматыда Ішкі істер департаменті ғимаратын қорғаған сарбаздардың ерлігіне ерекше мән берді. Ал бүлінген ғимараттар жақын арада қайта қалпына келтіріліп, бұрынғыдан да сәулетті бола түседі, – деді Президент.

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты