Талдықорғанда жарақат алғандар ауруханаларда ем қабылдап жатыр 

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы мен облыстық ауруханада қақтығыс салдарынан жарақат алған 30 шақты адам ем қабылдап жатыр. Солардың бірі – талдықорғандық Еркебұлан Толыбае

«Қаңтардың сегізі күні Желтоқсан көшесімен жүріп келе жатып, бағдаршамға тоқтағанымда, жол жиегіндегі арықтың ішінен мұздай қаруланған 7-8 адам атып шығып, бізге қарай жүрді. Оқиға түнгі сағат 10-дар шамасында болды. Жанымда зайыбым және 4 жастағы қызым бар еді. Көлігіммен дереу артқа бұрылып, қашуға тура келді. Олар артымыздан оқ атты. Үшеуміз де қатты жараландық. Абырой болғанда, «Самал» ықшам ауданына жетіп, жедел жәрдем шақырып үлгердік» дейді ол. Қазір үшеуінің де жағдайы бірқалыпты. Жалпы, Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада 20-дан астам, ал облыстық аурухана ғимаратында оқ тиген 6 науқас ем қабылдап жатыр. Аталған медицина мекемелеріне кірер жолдарға блок-бекеттер қойылған. Ал аурухана ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тәжік-ауған қақтығысының ардагерлері көмектесіп жатыр. Облыс орталығындағы медицина мекемелеріне қақтығыс салдарынан түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 150-ге жуық тұрғыннан шағым түскен.

Еркебұлан Толыбаев, қала тұрғыны:

– Мың да бір алғысымды айтқым келеді скорый бригадасына. Сондай жағдайда келіп, бізді 3-4 жастағы қызымызға жамбасына оқ тиген. Әйелімнің тізесіне оқ тиген. Менің иығыма оқ тиген.

Анарбек Монголхан, Талдықорған облыстық ауруханасының директоры:

– Қазіргі таңда ауруханада 6 науқас жатыр. Кеуде қуысының жарақатымен ота жасалынған, сан, жамбас, одан кейін тізе буындары. Бәрінің жағдайлары тұрақты. Кеше бір науқасты реанимация бөлімінен бөлімшеге ауыстырдық, хирургия бөлімінде жатыр. Науқастардың барлығы операциядан кейінгі ем кезеңдерін толыққанды алып жатыр.

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты