434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбеде коменданттық сағатты бұзушылардың қатары азаймай отыр

  • 35
  • UPD: 17:20, 11.01.2022
Ақтөбеде коменданттық сағатты бұзушылардың қатары азаймай отыр

Ақтөбеде коменданттық сағатты бұзушылардың қатары азаймай отыр. Өткен түні тағы да 115 адам ұсталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді. Олардың 83-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Арасында қамауға алынып, айыппұл арқалағандары да бар. Облыс көлемінде орнатылған 10 блок бекеттің бірінде 40 жастағы азаматтың көлігінен екі бірдей тегіс-ұңғылы аңшы мылтығы табылған. Қазір оның қару мен аңшылық құруға қатысты рұқсатының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Жалпылай алғанда өңірдегі ахуал тұрақты. Жағдай полицияның бақылауында.

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Сонымен қатар қазіргі уақытта үш адамға қатысты жапппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны үшін қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың үшеуі де қамауға алынды. Сонымен қатар 4 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылуда.

 

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Хабар 24 телеарнасы