Алматыда теміржолшылар донор болды

Үш күнде 370-тен аса теміржол қызметкері жаппай тәртіпсіздік барысында зардап шеккендер үшін қан тапсырды. 

Игі бастама әлі де жалғасып жатыр. Алғашқы донорлар атыраулық теміржолшылар болғанын еске саламын. Жалпы қан тапсырып, донор болуға барлық өңір ниет білдірген.

Манас Аманов, теміржолшы:

- Бүкіл Қазақстанға осындай ауыртпалық түскенде әрбір Қазақстан азаматының міндеті деп ойлаймыз. Жолдасымыз екеуміз келіп отырмыз. Екеуміз де жұмыс жасаймыз. Қолымыздан келген көмек осы болған соң осы үшін келіп қан тапсырып жатырмыз.