Алматыда тіршілік жанданып келеді

«Алматыда тіршілік жанданып келеді. Қаладағы инфрақұрылым, коммуналдық, байланыс пен кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастап жатыр. Көшелер тазартылып, қоғамдық көліктер жүре бастады. Алайда әлі де кей кәсіпорындар, жанар-жағармай құю бекеттері мен театрлар, сауда орталықтары жабық тұр. Олардың жұмысы бірте-бірте жанданады». Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қала активімен кездесуде осылай деді.

Алмас Садуақас, тілші:

- Алматыдағы 120 ірі өндіріс пен кәсіпорынның 76-сы ғана жұмысын тоқтатпай жалғастырып жатыр. Қалғаны апта соңына жұмысын бастайды. Жолаушылар тасымалы бойынша бүгін қосымша 41 бағытта қоғамдық көлік жолға шықты. Автобустар әзірге таңғы 07:00 ден кешкі 20:00 ге дейін жүретін болады. Сондай-ақ қалалық штаб отырысында бүлік кезінде бұзылып, өртенген қала әкімдігі мен өзге ғимараттарды қалпына келтіру мәселесі сөз болды. Қазір қалада антитерррлық шара аясында тергеу-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Осы амалдар аяқталған соң ғана ғимараттарды жөндеу жұмыстары қолға алынбақ.

Штаб отырысында аудан әкімдері мен басқарма басшылары қаланы қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндады. Ертеңнен бастап қалада барлық автобус маршруттары іске қосылады. Оның ішінде қала маңындағы маршруттар да жолға шығады. Алайда олардың жүру уақыт аралығы 30-40 минут болады. Қазіргі кезде қаладағы екі теміржол вокзалы қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр. Ал Алматы халықаралық әуежайында тазалау жұмысы аяқталған. 

«Қауіпсіздік қатаң  бақылауға алынды. Әуежай терминалы жұмысын бастауға дайын», - деді Сағынтаев. 

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

- Кеше Алматы халықаралық әуежайында барлық жөндеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесі ойдағыдай. Әуежай басшылығымен сөйлестік. Олар терминалдың жолаушыларды қабылдауға дайын екендігін айтты. Әуе компаниялары да рейстерді әуеге шығаруға әзір.

Қаладаға бүлік кезінде бірқатар көшелер мен көліктер  талқандалып, бағдаршамдар, жол белгілері,  абаттандыру нысандары бүлінді. 1500-ден астам кәсіпкерлік нысанға зиян тиді. Оларды жөндеуге жергілікті бюджеттен де қаражат қарастырылмақ. 

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

- Біз қала көшелерін тазарту жұмыстарына Антитерорлық орталық рұқсат бергенннен кейін ғана кірістік. Бұның барлығы жұмысшылар мен коммуналдық қызметтің қауіпсіздігі үшін жасалды. Сондықтан қала тұрғындарынан жағдайды дұрыс бағалауды сұраймын. Бүлінген әр нысан тексеріліп жатыр.

Алматы халқын азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тұрақты. Уақытша жұмысын тоқтатқан базарлар мен дүкендер жұмысын бастады. Сондай-ақ штаб отырысында  қоғамдық тамақтану орындары, дәмханалар мен  сауда мекемелеріңде жұмысқа кірісе бастағанын хабарлады.  

А. Садуақас, Р. Жақыпов

 

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Үкіметтің жаңартылған құрамы бекітілді: толық тізім

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды