Құқық қорғау саласына реформа жасау ең өзекті мәселе болып табылады

Президент көтерген құқық қорғау саласына реформа жүргізу мәселесі бүгінгі таңда ең өзекті.

Заң ғылымдарының докторы Марат Қоғамовтың пікірінше, ішкі істер министрлігі және өзге де күш құрылымдары аласапыран орнаған кезде ақпаратты өзара шұғыл алмасуға жағдайы келмей, коммуникация тұрғысынан дәрменсіздік танытты. Құрылымдардың бірлесе қимылдауында бірізді жүйенің жоғы бірден байқалды.

Профессордың айтуынша, соңғы оқиғалар қазақстандық әскердегі былықты айқындап берді. Сол себепті мемлекет басшысы әскерилердің іс-қимылын жеделдету, бір-бірімен ықпалдасуы мен арнайы операция кезінде шұғыл әрекет ету сапасын жақсартуға баса мән берген.

Марат Қоғамов, ҚР ІІМ қоғамдық кеңесінің төрағасы:

- Қазір жағдай өзгеріп жатыр, меніңше, Президент өзінің баяндамасында ең алдымен осы мәселеге айрықша назар аударғаны түсінікті. Өйткені тиісті тәртіп орнамай, заңды тұрғыдан оны шегелемейінше мұндай проблемалар туындай бермек. Кейінгі күндері біз куә болған дүрбелең қайталануы мүмкін екенін түсінген сияқтымыз.

 

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Үкіметтің жаңартылған құрамы бекітілді: толық тізім

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды