Таразда қоғамдық көлік қозғалысы қалпына келтірілді

Қазір әуе, теміржол және қалаішілік автобустардың қатынасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Теміржол вокзалы мен әуежайда сағат 23:00-ден кейін түсетін жолаушыларды тасымалдайтын арнайы автобустар қойылды. Ал Тараздан шығатын жолаушылар 23:00-ге дейін вокзал мен әуежайға ерте барып отырулары тиіс. Қазір зақымданған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Оған 6 мердігер компания жұмылдырылды. Жалпы аймақта ахуал тұрақталып келеді. Алайда қауіп толық сейілген жоқ. Арнайы әскери операциялар жалғасып жатыр.