Алматыда метрополитен жұмысы уақытша тоқтатылды

«Алматы көлік холдингі» ЖШС төтенше жағдай режиміне байланысты қала маңына қатынайтын автобустар бойынша мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала маңына баратын № 10, 227 ,231, 23, 117, 221, 228, 219, 203, 207, 222, 204, 225, 212, 210, 202, 224, 12, 220, 208, 214, 217 маршруттар желідегі автобустардың жоспарлы санын қысқартумен сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Метрополитен жұмысы уақытша тоқтатылды», - делінеді хабарламада.

Еске салсақ, 12 қаңтардан бастап Алматыда барлық маршрут, оның ішінде қаламаңы маршруттары да жолға шығатынын жазғанбыз. Төтенше жағдайға байланысты жұмыс кестесі қалалық маршруттар үшін таңғы сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін, ал қаламаңы маршруттары таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қалада 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі және комменданттық сағат енгізілген.