Таразда антитеррорлық операция жалғасып жатыр   

Тараздағы бүлікке қатысты ұсталғандардың саны 400-ге жетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Өңірде кейінгі 7 күнде 84 суық қару, оқ-дәрілер тәркіленген. Әскери операция әлі де жалғасып жатыр. Оқиға кезінде 6 мемлекеттік және 4 бизнес нысанына залал келген. Қазір қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған 6 мердігер компания, 370-ке жуық жұмысшы жұмылдырылды. Облыс әкімі қираған ғимараттарды 2 айдың көлемінде қалыпқа келтіреміз дейді.

Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі:

– Қалпына келтіру жұмыстарының жүріп жатқанына төртінші күн. Қазіргі таңда 370-ке жуық жұмысшы, 30-ға жуық техника  тартылған. Құрылысшылар өздерінің қаржыларымен жұмысты бастап кетті. Біздің болжам бойынша екі айдың ішінде залал келген барлық ғимараттарды толығымен қалыпқа келтіреміз.

 

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Үкіметтің жаңартылған құрамы бекітілді: толық тізім

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды