Ақтөбеде коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

Дәл қазір өңір жасыл аймақта болғанмен, жағдай кез келген сәтте өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24.

Өткен тәулікте ғана 35 адамның ауырғаны анықталды.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда анағұрлым көп. Былтырғы жылдың соңғы тәуліктерінде инфекция анықталмаған күндер де болған.

Мұхтар Сербаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Қазіргі жағдайда инфекцияның күрделенуін байқап отырмыз. Енді оған әсер еткен жағдай мына жаңа жылдық шаралар өткізілді. Жаңа айналымда омикрон штамы Алматыда және астанада табылды. Енді ол да жаймен-жаймен жан-жаққа тарала береді ғой енді, адамнан адамға жұғып. Бізде мына соңғы тексеру, зерттеулер бойынша бізде дельта және дельта+ штамы анықталып отыр.