Ақмола облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Өйткені өңірде вирус жұқтырғандар саны өткен аптамен салыстырғанда артқан, деп хабарлайды Хабар 24.

Ауруханаларда 3 мыңнан астам төсек-орын жабдықталған. Дәрі-дәрмек, вакцина жеткілікті дейді дәрігерлер. Бүгінде егілуге тиіс халықтың 64 процентке жуығы екпе салдырған. Өңір қазір «жасыл» аймақта. Дегенмен 200-ге жуық науқас коронавирус диагнозымен ауруханада жатыр.  

Нариман Сыздықов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Егер өткен аптада бізде күніне 30 адамнан осы ауру анықталса, қазір тәулік сайын 40 шақты адам аталған вирусты жұқтырып отыр. Дегенмен олардың көбі емді үйде қабылдап жатыр. Яғни стационарлардағы жағдай тұрақты. Жағдайды бақылап отырмыз.