Халықты жұмыспен қамту керек – Сенат депутаты

Азаматтарды жұмыспен қамту және оларды әлеуметтік қорғау – ұлттық мәселе, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан басты тезистердің бірі, – дейді Сенат депутаты Әли Бектаев.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау ол ұлттық проблема болу керек. Өңірлік мәселеге айналып кетпеуі керек. Әкімдердің өздерінің шешетін мәселесіне айналып кетпеуі керек. Осы тұрғыдан алған кезде ауылды дамыту, ауылдық елді мекендерді дамыту, ауылдық территорияларды дамыту, аграрлық секторды, өндірісті дамыту өте маңызды мәселе.