Жаңа Үкіметтен үміт көп   

Өзекті жайттың бірі – мемлекеттік орган басшылары мен тұрғындардың байланысы. Шенеуніктер халықпен етене жақын жұмыс істеуі тиіс деді Президент. Қағазбастылықтан да құтылу керектігін де айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Үміт көп. Халық тілегін естуші мемлекеттің, жоғарыдағы шенділерінің құлағына жетуіне төмендегілері де ықыласты болса игі. 

Елімізде «естуші мемлекет» қағидатының енгізілгеніне екі жылдан асты. Бірақ шенеуніктердің кері байланысына қатысты сын көп. Өткен мәжіліс отырысында Президент осы мәселеге ерекше тоқталып, Үкімет мүшелерін өңірлерге жиі шығуға шақырды. Ал әкімдерге халықпен тұрақты кездесу өткізуді тапсырды.

Еркін Байғабылұлы, журналист:

– Олар қоғамға неғұрлым ашық болу керек. Мысалға бізде әкімге кіру, министрге кіру деген сияқты мәселелер үлкен бір проблема тудырады. Енді жаңа үкімет соны жүзеге асыру керек.

Ал реформалардың сапасыз іске асуының бірден бір себебі – қағазбастылық. Президент осылай деді. Ендігі кезекте есеп үшін, бақылау үшін болатын бюрократияны тоқтатып, нәтижеге жұмыс істеу керек деді ол.

Айгүл Сәдуақасова, әлеуметтанушы:

– Бюрократия керек. Ол болу керек. Бірақ ол тым шегінен шығып кеткен бюрократия болып тұр қазіргі жағдайда және тағы екі нәрсені бір-бірімен байланыстыру керек. Аймақтардың дамуы мемлекеттік басқару жүйесі меритократия қатар жүру керек. Өйткені көп жағдайда біз критика айтқан кезде жергілікті органдарға, орталық органдарға келіп айтылады. Біз әрі қарай оны қарамаймыз. Төменгі атқарушы органдар бар оларға көп жүк түседі және региондарға көп жүк түседі.

Жаңа Үкіметке маңызды міндеттер жүктелді. Халықтың да одан күтер үміті зор. Ал нәтижені уақыт көрсетеді.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Бахыт Топтаева, Ербол Дайыров

 

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Үкіметтің жаңартылған құрамы бекітілді: толық тізім

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды