Мамандандырылған ХҚКО жұмысын қайта бастады

Тек Алматы қаласы мен Алматы облысы және Жамбылдағы бөлімшелер ғана әзірге жабық, деп хабарлайды Хабар 24.

Орталықтар әдеттегідей жұмыс күндері сағат таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін істейді. Бұл ретте «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы бөлімшелердің бірнеше күннен бері жабық тұрғанын ескеріп, адамдардың көптеп келуі мүмкін екенін айтады. Сондықтан тұрғындарды түсіністік танытуға шақырады. Ал кезекте тұрғысы келмейтіндерге арнайы банк қосымшалары арқылы көлікті рәсімдеуге болатынын ескертеді.