Жаппай тәртіпсіздіктен бизнеске 103,7 млрд теңге шығын келген

Бизнеске келтірілген шығын көлемі 104 млрд теңгеге жуықтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Call-орталыққа хабарласып жатқан кәсіпкерлер әлі де бар. Сондықтан бұл сан сөзсіз өседі. Арнайы комиссия ел бойынша 1615 кәсіпкерлік нысаны қирағанын айтты. Оның дені – Алматы қаласында. Әсіресе тауар сататын бизнес өкілдері шығынға шаш етектен баттық деп отыр. Сосын  қоғамдық тамақтану орындары мен қаржы орталықтарына айтарлықтай зақым келген.