434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елде ДДСҰ мақұлдаған екпе жоқтың қасы

  • 42
  • UPD: 13:32, 12.01.2022
Елде ДДСҰ мақұлдаған екпе жоқтың қасы

Елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған екпені алу мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұған дейін бір ғана Қытайлық Sinopharm халыққа қолжетімді болған. Алайда қазір ол жоқтың қасы. Былтыр халықаралық ұйымның тіркеуінен өткен Pfizer вакцинасын ақылы негізде алуға болатыны айтылған еді. Алайда оның қашан салына бастайтыны әлі күнге дейін белгісіз. Салдарынан қаңтар айында оқуға аттанатын «Болашақ» бағдарламасының студенттері көрші Қырғыз елі мен Өзбекстанға барып екпе алуға мәжбүр. Мәжілісмендер осындай мәселе көтерді. Денсаулық сақтау министріне аталған вакциналарды халыққа қолжетімді ету керектігін айтып, депутаттық сауал жолдады. Егер QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген жағдайда, мұндай мәселе туындамас еді. Бұл ретте халық қалаулылары министрліктен отандық препаратты мойындату тұрғысында қабылданған шараларды ашып айтуын сұрады.

Хабар 24 телеарнасы