Қызылордада індет қайта өршіді

Бүгіннен бастап Қызылорда облысы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты «сары» аймаққа енді, деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы аптада өңірдегі эпидахуал күрделенді. Жыл басынан бері аймақта індет жұқтырудың 325 жаңа дерегі тіркелген. Мысалы, өткен айда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәулігіне 2-3 дерегі ғана тіркелсе, соңғы тәулікте 125 адамның індетке шалдыққаны анықталған.

Айта кетейік, бүгінге дейін өңірде тұрғындардың 86 проценті екпе алған. Ал Pfizer препаратын 7 мыңға жуық жасөспірім мен 2 мың жүкті әйел қабылдаған.

Айман Жанахаева, Қызылорда облысының санитариялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

– Жұқпалылығы бірнеше есеге жоғары омикрон штамының болуы мүмкін деген болжамдар бар мамандар арасында. Сондықтан да коронавирус инфекциясының қауіптілігін төменденту мақсатында барлық тұрғындарға вакциналауға және ревакциналауға өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша екпе кабинеттеріне барып, екпе алуды кеңес береміз.