Алматы «қызыл» аймаққа енді

Шаһарда эпидемиологиялық жағдай нашарлап кеткен, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. Соңғы тәулікте мегаполисте 210 адамнан коронавирус анықталған. Қазіргі уақытта ифекциялық стационарларда жалпы саны 475 адам ем алып жатыр. Қала қызыл аймаққа өткендіктен, енді карантин талаптары күшейтіледі. Шектеу шаралары алдағы 5 күн ішінде еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында жарияланады. Жаңа жылдан бері шаһарда 1 мың 408 адам қауіпті ауруға шалдыққан. Оның 7-уінен омикрон штамы анықталды.