434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Утилизациялық алым бойынша бірыңғай оператор құрылады

  • 73
  • UPD: 13:50, 12.01.2022
Утилизациялық алым бойынша бірыңғай оператор құрылады

Елде утилизациялық алыммен айналысатын бірыңғай оператор құрылатын болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жаңа Үкіметтің алғашқы отырысында осылай деді. Ведомство басшысы 2016 жылдан бері елде утилизациялық алым ретінде жиналған қаражат көлемі 692 млрд теңгеге жеткенін айтты. Оның дені отандық көлік құрастыратын компанияларға берілген. Бір бөлігін салық ретінде төлеп, енді бірін екінші деңгейлі банктерге аударыпты. Осы ретте министр утилизациялық алымның сомасы міндетті түрде азаятынын айтты.   

Хабар 24 телеарнасы