Ғаламторда брендтік киім сататындар қаптап кетті

Алматыдағы жаппай бүліктен кейін ғаламтордағы сату қосымшаларында алтын бұйымдар мен техника, брендтік киімдер сататындар саны артты.

Қазір бұл туралы қазақстандықтар әлеуметтік желіде жарыса жазуда.

Аталмыш заттар бейбіт митингтен тәртіпсіздікке ұласқан оқиға кезінде дүкендерден ұрлануы мүмкін. Себебі бүлікшілер қаладағы сауда орындарын жаппай тонаған болатын. Жарнаманың бірінде 350 мың теңгеге қымбат аяқ киім сатылымға қойылған. Сондай-ақ онда аяқ киімнен басқа, жиһаз, техника, әшекейлер мен бұйымдар сатылады деп жазылған.

Кейбір тауарлар нарықтағы құнынан әлдеқайда арзанға сатылып жатқан көрінеді.

Белгілі болғандай, жарнамаларды көбіне Алматы облысы, Алматы қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындары берген.

 

 

 

 

Сондай-ақ...