Ақтөбе облысы «сары» аймаққа өтті

Өңірде тек өткен тәуліктің өзінде 75 жағдай тіркелген. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда екі есе жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Хабар 24.

Вирус жұқтырушылардың көбеюіне орай санитар мамандар тұрғындарға сақтық шараларын күшейтуді ескертіп отыр. Әсіресе көпшіліктің жиі баратын орындарында жеке бастың саулығына баса көңіл бөлу керек дейді. Жағдайды бақылауға алған дәрігерлер көп ұзамай шектеу шараларының да енгізілуі мүмкін екенін айтады.

Мұхтар Сербаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Әрине біздерде арнайы қаулы қолданылатын болады. Бес күннің ішінде бірқатар шаралар күшейтіледі. Мысалы, айтатын болсақ, тамақ орындары, кейбір ойын-сауық орындарының адам саны азайтылатын болады. Уақыты қысқартылатын болады тағы сондай шаралар қолданылады.