Ақтауда батыр ұлдың наградасы жақындарына тапсырылды

Алматыдағы бүлік кезінде жанқиярлық ерлікпен қаза тапқан курсант Мейірхан Бітімге  ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Президент Жарлығымен жеткен награда марқұмның жақындарына тапсырылды, деп хабарлайды Хабар 24.

19 жастағы жауынгер еліміздің шекара академиясында 2 курс оқып жүрген еді. Террорлық шабуыл кезінде мерт болды. Бүгін Ақтауда аймақ әкімі мен әскерилер мемлекеттік награданы Мейірханның атасына табыс етті. Патриот ұл тәрбиелегені үшін алғыс айтып, батырдың жарқын бейнесі көпшілік жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

Ержан Кезбаев, М.Бітімнің әкесі:

– 6 балам бар. 3 ұл, 3 қыз. Мейірхан екінші балам. Сондай адалдық, батырлықпен қаза тапты мемлекетімізді қорғап. Көп-көп рахмет айтамын бүкіл халқыма. Қазақ еліне, қайғыма ортақ болып жатқандарына.