434,23 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте бейнебақылау камералары бұзылды 

  • 51
  • UPD: 16:19, 12.01.2022
Шымкентте бейнебақылау камералары бұзылды 

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде көшелерде орнатылған 200-ден аса бақылау камерасына залал келген, деп хабарлайды Хабар 24.

Қымбат құралдарды бүлікшілер сындырып кеткен және олардың бұл әрекеттері «Сергекке» жазылып қалған. Тонаушылар тіпті көліктерге мініп, тас-талқан еткен. Әкімдік қызметкерлері хабарлағандай, қазір камераларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Естеріңізге салайық, Шымкентте бейнебақылау жүйесі өткен жылдың қараша айында орнатыла бастаған болатын. Оған жергілікті бюджеттен 4 млрдқа жуық теңге жұмсалды. «Олардың қақтығыс кезінде тәртіп бұзған адамдарды анықтауға көмегі тиді», – дейді полицейлер. Қалада сонымен қатар 4 автобус жанып кетті.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

– Жүздің үстінде камералар өзінің орнына қалпына келтірілді. Қалған камералар қазір біз жаңағы техникалық бақылау жасап, тексеріп жатырмыз. Енді қазір ол бізде қазір саймандар жоқ. Сол саймандарға қазір тапсырыс беріп жатырмыз. Сол саймандар келгеннен кейін, осы мен ойлаймын бір айдың ішінде қалған камераларды ретке келтіреміз.

Хабар 24 телеарнасы