«ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық туристерді жолаушылар пойыздарымен тасымалдайтын болады

Алматы әуежайы арқылы елге орала алмайтын туристер Нұр-Сұлтан әуежайына қайта бағытталады. Оларды Алматыға темір жол көлігімен жеткізеді. Осыған байланысты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, елордалық вокзалдарға арнайы автобустармен туристер трансферін ұйымдастырды, деп хабарлайды Хабар 24 ҚР ИИДМ баспасөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Вокзалдардағы билет кассалары тәулік бойы жұмыс істейді. Уәкілетті орган туристердің келуі туралы ақпаратты ұсынуына қарай Нұр-Сұлтаннан жолаушыларды жөнелтуді ұйымдастыратын болады. Қазіргі уақытта барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша және Қазақстанның барлық бағыттарына жүреді. Барлық пойыздарға т/ж билеттері бар.

Нұр-Сұлтаннан шығатын пойыздарға жол жүру құжаттарының (билеттердің) тапшылығы жоқ.

Билеттер туралы толығырақ ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және Кaspi.kz мобильдік қосымшасының «ҚТЖ билеттері» бөлімшесінен білуге болады.