434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте 271 адам қамауға алынды  

  • 45
  • UPD: 18:06, 12.01.2022

Шымкентте тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 271 адам қамауға алынды. Бұл туралы қала коменданты, полиция генерал-майоры Ералы ЖұмаХанбетов хабарлады.

Оның айтуынша, блок бекеттердің бірінде автокөліктерді тексеру кезінде 9 ер адам ұсталған. Олардан газ тапаншалары тәркіленді. Бүгінгі таңда қала аумағында коменданттық сағат енгізілген. Стратегиялық нысандарды қорғауға алынып, қоғамдық-саяси жағдай жіті бақылауда.

Ералы Жұмаханбетов, қала коменданты:

– Төтенше жағдай басталғалы бері полиция департаментіне 3 мың 520 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 271-і қамауға алынып, 40-на айыппұл салынды және 55 азаматқа ескерту жасалды.

Хабар 24 телеарнасы