Петропавлда ТЖ тәртібін бұзғандар қамалды

Солтүстік Қазақстан облысында осы блок бекеттерді айланып өтпек болған 4 адам ұсталды. Олардың барлығы 3 күнге қамалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Өңірде төтенше жағдайға байланысты коменданттық сағат енгізіліп, көлік қозғалысына шектеу қойылған. Қазір облыс бойынша 25 өткізу бекеті жұмыс істейді. Тәртіп сақшылары әр көлікті жіті тексереді. Осы уақытқа дейін түрлі себептермен 500-ге жуық жүргізуші кері қайтарылған. Бұл ретте полиция қызметкерлері баршаға ортақ ережені қатаң сақтауға кеңес береді.

Руслан Назаров, облыстық ПД бастығының орынбасары:

– Құқық бұзушылардың барлығы ұсталып ҚР ӘК 476-бабы бойынша ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Олардың төртеуі үш тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Бір құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды.