Атырауда коронавирус өршіп барады

Атырауды коронавирус қайтадан дендей бастады. Өткен тәулікте мұнайлы өңірде 139 адамның қауіпті індет жұқтырғаны анықталды. Салдарынан Атырау облысы бүгіннен бастап «қызыл аймаққа» енді, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сақтық шараларын күшейтуді қолға алды. Қоғамдық орындар мен халық жиі шоғырланатын ғимараттарда маскасыз кіруге тиым салынды. Жалпы, қаңтар айы басталғалы бері облыста 453 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып отыр. Оның 110-ы Атырау қаласында болса, 29 науқас «Теңіз» кен алаңында тіркелді.

Жайнагүл Өтепқалиева, облыстық СЭБД бас маманы:

– Оның ішінде симтомды 77 жағдай, симтомсыз 62 жағдай тіркеліп отыр. Анықталу бойынша медициналық көмекке жүгінген 74 жағдай тіркеліп отыр, қарым-қатынаста болған адамдар арасында 4 жағдай және профилактикалық мақсатта тексеру кезінде 61 жағдай анықталды. Осыған байланысты біздің облыс «қызыл аймаққа» еніп отыр.