Бүлінген мүлікті қалпына келтіруге қордың көмегі ауадай қажет

Бүлік кезінде бүлінген мүлікті қалыпқа келтіру бір ғана бюджетке салмақ салады. Сондықтан Президент тапсырмасымен құрылатын «Қазақстан халқына» қорының көмегі ауадай қажет. Бұл туралы экономист, сарапшы Мақсат Халық айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қор жұмысы ашық әрі цифрлық түрде жарияланып отыруы тиіс.

Мақсат Халық, экономист:

– «Қазақстан халқына» деп аталатын нақты қор құруды тапсырды. Ал ірі компаниялар жыл сайын бұған салым жасап тұру керек деген мәселені алға тартты. Менің ойымша, бұндай қор қазіргі уақытта бізге керек. Себебі қазірдің өзінде тәртіпсіздіктердің әсерінен болған шығындардың өзі аз емес. Және оны қалыпқа келтірудің өзі ұзақ уақыт алады. Бұның барлығы бір бюджеттің есебінен жүргізілсе, ол үлкен ауыртпашылық түсіреді. Сондықтан осындай қордың болғаны дұрыс. Енді екінші мәселе. Бұл қор қалай басқарылатын болады? Халық тарапынан қаншалықты бақыланатын болады? Барынша халықтық бақылауда ұстау керек. Және ол жақтағы операциялар қанша ақша кеп түсті, қанша ақша жұмылдырылды, қай жерге жұмсалды? Осының бәрі ашық, цифрлық түрде жарияланып отыру керек деп есептеймін.