Қазақстан қор биржасында валюталық сессия аяқталды

Қазақстан қор биржасында валюталық сессия аяқталды. Бұл елдегі келеңсіздік пен Жаңа жылдан кейінгі алғашқы сауда-саттық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауда көлемі әдеттегіден жоғары болса да, 2019 жылғы наурыз бен 2020 жылғы наурыздағы дүрлікпе қайталанған жоқ. Ол кезде сауда көлемі 400 млн доллардан асып жығылған.

Бүгін төл валютамыз сәл әлсіреді. Алайда мұнай баррелінің 84 долларға өсуі жағдайды түзейтін сыңайлы.

Сауданың бірқалыпты өтуіне байланысты Ұлттық Банк интервенцияға қатысқан жоқ.