Президент Алматыдағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында болды

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында болды, деп хабарлайды «Хабар 24» Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Травматология бөліміндегі палаталарды аралап көріп, террорлық акті кезінде зардап шеккен азаматтармен әңгімелесті.

Президент жараланғандардың хал-жағдайларын сұрап, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, сондай-ақ дәрігерлермен сөйлесті.

Күштік құрылымдардың зардап шеккен барлық қызметкеріне көмек көрсетіледі. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен азаматтардың бәріне дер кезінде жан-жақты медициналық көмек көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

           

Жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі елде 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация үшін Пфайзерді ұсынды. Жалпы кейінгі аптада вакцина салу қарқыны бірнеше есе төмендеп кеткен. Есесіне осы 2 аптада коронавирус жұқтыру дерегі 41 процентке өскен. Індет қай аймақтарда белең алды? Жаңа Премьер-министр екпеге қатысты қандай тапсырма берді? Қорған Қонысбайұлы жалғайды.