434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Covid-19: Жаңа премьер-министр қандай тапсырма берді?

  • 53
  • UPD: 20:20, 12.01.2022

Елде, нақтырақ айтсақ Алматы мен елордада Омикрон анықталды. Ал бұл аса қауіпті штамм. Қазір ел бойынша 3 мыңнан аса адам емделіп жатыр. Вирус өрши берсе ауруханадағы төсек орындар 50 мыңға дейін көбейтіледі. Қосымша 6 жарым миллион доза вакцина сатып алынады.

Премьер-Министр үйде медициналық көмек көрсету үшін мобильді бригадалардың жұмысын жандандыру керек деді. Әрі сол бригадаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажет. Дәріханаларда дәрі-дәрмектің тапшылығына жол бермеу керектігін жаңа Үкімет басшысы және тапсырды. Сосын ақ халаттыларға алғыс айтты.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

– Біздің негізгі міндетіміз – эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша шараларды күшейту қажет. Ел үшін сын сағатта олар зардап шеккендер мен жараланғандарға тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр. Дәрігерлер ауруханалар мен жедел жәрдем көліктерін басып алған лаңкестердің агрессиясын бастан кешірді. Құрметті медицина қызметкерлері, сіздерге еңбектеріңіз бен батылдық танытқандарыңыз үшін, кез келген жағдайда халыққа көмек көрсетуге әзірліктеріңіз үшін алғыс айтамыз!

 

Хабар 24 телеарнасы