Еліміздің үш өңірінде төтенше жағдай режимі алынды

Ертеңнен бастап, яғни 13 қаңтар таңғы жетіден Батыс Қазақстан және Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес, мына өңірлерде төтенше жағдай режимі алып тасталады:

«Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

«Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

«Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын» делінген Жарлықта.

 Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.