434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҰҚШҰ бітімгерлерін елден шығару 23 қаңтарға дейін аяқталуы тиіс – Станислав Зась

  • 91
  • UPD: 22:03, 12.01.2022
ҰҚШҰ бітімгерлерін елден шығару 23 қаңтарға дейін аяқталуы тиіс – Станислав Зась

Қазақстандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлерін еліне қайтару 13 қаңтарда басталып, бұл шара 10 күн ішінде аяқталады. Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында ұйымның Бас хатшысы Станислав Зась мәлімдеді.

Жалпы, елімізге бітімгелік миссия аясында 2 жарым мың сарбаз келген. Олар Алматы және Елордаға жіберілген. Ертең Станислав Зась Алматыға аттанады. Мұнда бітімгелік күштердің қолбасшысымен кездесу жоспарланған. Сондай-ақ Станислав Зась командалық бекеттерге барып қайтуы тиіс.

Станислав Зась, ҰҚШҰ бас хатшысы:

– Біз бітімгерлік операцияның соңғы кезеңіне келдік. Қазір жауынгерлеріміздің күзетінде болған нысандарды жергілікті күштік құрылым өкілдеріне тапсыру шаралары жүріп жатыр. Ертең контингентті Қазақстаннан алып шығу жұмыстары басталады. Бұл шара 10 күн ішінде, яғни 23 қаңтарға дейін аяқталуы тиіс. Бұл нақты мерзім.

Хабар 24 телеарнасы