Нәтижесі жоқ мемлекеттік бағдарламаларды реттеу керек – Серік Санаубаев

Отандық бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың саны көп болғанмен, сапасы жоқ. Сондықтан оны ықшамдап, бір жүйеге келтіріп, нәтиже шығару керек. Қарағанды облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры осылай дейді.

Әуелі қазынадан бөлінетін қыруар қаржының ірі қалаларға ғана емес, шалғай ауылдарға жетуін қадағалап, мақсатты игерілуіне бақылауды күшейткен жөн.

Серік Санаубаев, Қарағанды облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры:

– Мемлекеттік бағдарламалардың бәрін реттеп, дұрыстау керек. Олар көп, бірақ көп болғанмен нәтижесі жоқ. Соның бәрін жиынтықтап, жаңа мемлекеттік бағдарламалар жасап, анау шалғайда жатқан кәсіпкерден бастап ірі кәсіпорындарға дейін мемлекеттен шығып жатқан қаржының нәтижесін көру керек. Халық оның нәтижесін көру керек. Өнім шығарылу керек.