Түрік БАҚ өкілдеріне елдегі жағдай туралы ақпарат берілді

Қазір Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық миссия өкілдері тілшілерге еліміздегі ахуалға қатысты толық ақпарат беріп, нақты дәлел-дәйектер келтіріп жатыр. Бұл жалған мәліметтің таралуын болдырмау үшін қажет.

Тиісті жұмыстар Түркияда да қолға алынған. Бұл Қазақстандағы түрік инвесторларының алаңдауына негіз жоқ екенін түсіндіріп, олардың алдындағы барлық міндеттемелер орындалатынын растау үшін жасалған. Түркиядағы Қазақстан елшісі Абзал Сапарбекұлы жергілікті БАҚ өкілдері және стратегиялық зерттеу орталығының мамандарымен кездесті. Жиын барысында ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларына қатысты мәліметпен бөлісті.

Өзге Яхшы Ерген, Халықаралық стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы, журналист:

– Елшінің бүгінгі мәліметтері шын мәнінде дер кезінде берілген ашық ақпарат болды. Болған оқиғаларға қатысты ақпаратты әлеуметтік желіден немесе белгісіз дереккөздерден емес, Қазақстан мемлекетінің құзырлы орындарынан алу бәріміз үшін пайдалы болды деп ойлаймын.

Бетул Ұста, «Сабах» газетінің тілшісі:

– Қазақстан елшілігімен бұған дейін де тығыз қарым-қатынаста едік. Елші мырза әрдайым Түркия ақпарат құралдарына Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат беріп отырады. Осы оқиғаларға байланысты да жалған ақпарат тарамау үшін барлық түрік медиасын сәт сайын құлақтандырып, тікелей эфирлерде ерекше белсенділік танытты.

Сондай-ақ...