Алматының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері тағайындалды

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова тағайындалды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының міндеттерін уақытша атқару Департамент басшысының орынбасары Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббароваға жүктелген.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап Департамент басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова жаңадан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындалғанға дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып айқындалды.