Қазақстан бойынша 4 вакцина түрі қолжетімді

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша қазір ел аумағында коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 түрі қолжетімді.

Олар QazVac, Спутник V, Vero Cell және Pfizer екпелері. 9 өңірде вакцинаның осы 4 түрі жеткілікті. Ал Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында вакцинаның екі түрі ғана бар. Осыған орай жоғарыда айтылды, Қазақстан қосымша 6 жарым млн доза вакцина сатып алмақ. Қазір халықты ревакциналау науқаны да қарқын алған. 20 қаңтардан бастап Спутник Лайт вакцинасы қолжетімді болады.