Жүк жөнелтуші компанияларға жеңілдік жасалады

Отандық жүк жөнелтушілер бірқатар төлемдер мен алымдардан және айыппұлдардан босатылды. 

Қазақстан темір жолы, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үндеуін ескере отырып, төтенше жағдайға байланысты тиісті шешім қабылдады.

Атап айтқанда, жүк тасымалдау өтінімін жоспарға сай орындамағаны үшін айыппұл салынбайды. Сондай-ақ жалға алынған вагондардың бос тұрғаны үшін және магистральдық, станциялық жолдарда контейнерлердің кідіргені үшін төлем алынбайды. Ал жүктің келгені хабарланғаннан кейін станцияда 48 сағаттан артық тұрып қалса, онда сақталғаны үшін бұрынғыдай 10 есе емес, бір есе мөлшерде алым төлеу қажет.