435,20 494,00 5,55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Талдықорғанда бүлінген нысандар қалпына келтіріле бастады  

  • 51
  • UPD: 18:31, 13.01.2022

Қазір Алматы облыстық әкімдігі мен қалалық және өңірлік Полиция департаментінің, «Нұр Отан» партиясының ғимараты қираған дүние-мүлік пен қоқыстан тазартылып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл жұмыстарға 150-ге жуық адам жұмылдырылды. Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының айтуынша, қазіргі таңда мердігерлер анықталған. Жуық арада тағы қосымша жұмыс күшін тарту жоспарланып отыр. Бүлікшілер облыс орталығындағы 4 мемлекеттік мекемеге  залал келтірді. Шығын көлемі бір аптаның ішінде белгілі болады. Техникалық тексеру қорытындысына сәйкес отқа оранған кей ғимараттар сүріліп, қайтадан салынуы да мүмкін.

Ерке-Бұлан Усманбаев, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– Жалпы құны, неше қаражат шығатындығы қазіргі таңда белгісіз. Есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 4-5 күнде бағасы белгілі болады. Ал нақты бағасы арнайы смета жасалып, есептелінгеннен кейін қанша қаражат, қанша шығын келгені анықталады. Сол кезде нақтылап айтамыз қосымша.

Хабар 24 телеарнасы