Атырау облысының комендатурасы ұрып-соғу туралы қауесетті жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде Атырауда «Динамо» спорт залын митингіге қатысқандарды ұрып-соғатын жерге айналдырғаны туралы хабарлама таралып жатыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлері соққыға жыққандардың арасында блогерлер, азаматтық белсенділер және қарапайым тұрғындар бар екен. Атырау облысының комендатурасының хабарлауынша бұл ақпарат фейк, деп хабарлайды Stopfake.kz.

– Атырау облысының комендатурасы әлеуметтік желілерде «Динамо» спорт кешенінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтарды ұрып-соғу туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Жақындарын немесе туыстарын жоғалтқан адамдардан 102 операторына немесе 98-10-04 нөмірі бойынша хабарласуларын сұраймыз, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.