15 қаңтардан бастап елде карантиндік шектеулер күшейтіледі

Вакцинация мәртебесіне қарамастан, шетелден келген барлық жолаушыда ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы тиіс, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы коронавирустық инфекцияның таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді. Мұндай шара күрделі эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін қолға алынып отыр. Анықтама қазақ, орыс және ағылшын тілінде болу керек. Айта кетейік, тек соңғы тәулікте елде 9 мыңнан астам адам індеттің ілмегіне ілінді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларымен қоса Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды және Қызылорда облыстары «қызыл» аймақта.