Елордаға қару алып кірмек болғандар ұсталды

Елордада қала аумағына қару-жарақ пен есірткі заттарын алып өтпек болғандар қолға түсті, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді. Жалпы қазірге дейін бас қалаға кіре берісте қойылған блок бекеттерде 50 мыңға жуық көлік тексерілген. Олардың арасында заң талаптарын өрескел бұзғандары да бар. Ал осы блок бекеттердегі тексеру шараларына байланысты ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. Елорда іргесіндегі Қосшы елдімекені. Оның маңындағы блок бекет көліктерді тыңғылықты тексеріп жатыр. Салдарынан ұзын кептеліс пайда болып, адамдар сағаттап жолда тұруға мәжбүр.

Данияр Орал, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

– Мұндай қарбалас бірер күн бұрын пайда болды. Ал бүгін кептелістің ұзындығы, тіпті, бірнеше шақырымға созылған. Кейбірі оған шыдамай, блок бекеттен жаяу өтуге мәжбүр. Ал полиция департаменті бұның барлығы адамдардың қауіпсіздігі үшін дейді. Мәселен, осы жұмыстардың арқасында түрлі қаруды қалаға өткізбек болғандар анықталды. Бұған қоса, Павлодар және Қарағанды қалаларында ұрлық жасап, іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды.

Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Орал Даниярдың айтуынша, ұсталғандар арасында есірткі заттарын өткізбек болғандар да бар.

Айта кетейік, қала маңында бас-аяғы 6 осындай өткізу орыны жұмыс істейді.

Авторлары: Аслан Қаженов, Нұрғали Мамырбаев