Семейде еріктілер әскерилерге көмектесіп жатыр    

Семей қаласында еріктілер мыңнан астам полиция мен әскери қызметкерге қолдау көрсетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған сарбаздарға қала тұрғындары мен меценаттар азық-түлік жеткізіп, ауызсу тасыды. Облыс комендантының мәлімдеуінше, өңірдегі жағдай тұрақты. Дегенмен полиция мен ұлттық ұлан сарбаздары блок-бекеттерде қызметін әлі жалғастырып жатыр. Өткен тәулікте мұнда коменданттық сағат тәртібін бұзған 10 адам жауапкершілікке тартылды.

Қайсар Беделхан, волонтер:

– Қазіргі кезде Семей қаласының жалпы еріктілерінің саны 150-ден асады. Әртүрлі бағыт бойынша блок бекеттердің де және әкімдік, белгілі нысандарды қоршап тұрған осы қызметкерлерге, қауіпсіздік қызметкерлеріне тамақ таратудамыз.