Маңғыстау облысында дерт жұқтырғандар көбейді

Өңірде эпидахуал мәз емес. Дерт жұқтырғандардың саны күрт өсуіне байланысты өңір бүгін «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Хабар 24.

Жалпы қаңтар айы басталғалы бері 470 адам короновирус жұқтырған. Тағы 179 дерек соңғы тәулікте тіркеліп отыр. Қазір өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасында 73 науқас ем қабылдауда. Арасында жүкті әйелдер бар. Жауапты мамандар таяу күндері карантиндік шектеулердің күшейтілетінін айтады. Аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысы әзірленіп жатыр.

Марал Қадыр, дәрігер-эпидемиолог:

– Бір аптаның ішінде станционарға жатқызылған аурулардың саны 2,5 есеге дейін артқанын көріп отырмыз. Оның ішінде бесеуі аяғы ауыр әйел. Аса қатаң жағдайда 4 науқас жатыр. Жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда 6 науқас жатыр. Жаңа штамдардың инкубациялық кезеңінің өте қысқалығына байланысты болуы мүмкін деген эпидемиологиялық болжам жасап отырмыз.