Ұлттық кеңес Президенттің жаңа реформалар жоспарын қолдайды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының қаңтардың он бірінде айтқан жаңа реформаларын қолдап отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұған дейін экономикаға басымдық берілсе, қазір халықтың нақты табысын арттыруға күш салынып жатыр. Мәжіліс депутаттары қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері мұндай тапсырмадан соң «құрғақ статистикалар жойылады» дейді. Сарапшылардың айтуынша, көктемнің соңына дейін саяси реформалар ұсынысы әзірленбек. Ал жылдың аяғында Президент айтқан өзгерістерді халық сезіне бастайды.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі

Осы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы «Самұрық-Қазына» қорын жабу керек» деді. Бұл құрылымды қаңтардың он бірінде Қасым-Жомарт Тоқаев сынаған. Ендігі ұсыныс – ұлттық әл-ауқат қорының қарамағындағы компаниялар Үкіметтің тікелей бақылауына өту керек.

Берік Әбдіғалиұлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі