Алматыда өрттен кейін қала әкімдігінің ғимаратын тазарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Хабар 24.
Ішіндегі электронды техника, жиһаз қалдықтары қоқыс полигонына шығарылады. Ол шамамен 3-4 күнге созылады дейді мамандар. Әйтеуір әкімдік ғимаратының сүрілмейтіні белгілі болды. Бірақ толықтай қайта жөндеуден өтеді. Бүгін БАҚ өкілдері ғимаратқа кіріп, бар жағдайды көзбен көріп қайтты. Тек қалқайып тұрған қабырғалары қалған демесеңіз, ғимараттың сау тамтығы жоқ. Ал өрттен кейінгі ыстың исінен адам әлі тұншығады. Әкімдік ғимаратын қайта қалпына келтіру үшін қанша қаржы және уақыт кететіні арнайы комиссияның сараптамасынан кейін белгілі болады.
Сапар Нұрашев, Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы:
– Бүгінгі таңда 600-700-ге жуық жұмысшы келді. 22 мердігер компания келіп, көмектесіп жатыр тазалауға. Әрі қарай мердігер компания анықталады, сол мердігер компания жұмысты атқарады.