435,20 494,00 5,55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Құрылыс компаниялары Алматының келбетін жақсартуға дайын

  • 67
  • UPD: 23:00, 13.01.2022
Құрылыс компаниялары Алматының келбетін жақсартуға дайын inform.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс компаниялары мен салалық бірлестіктердің басшыларымен кеңес өтікізді. Кездесу барысында қираған ғимараттарды қалпына келтіру және қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала басшысы жаппай тәртіпсіздіктер барысында бұзылған әкімшілік және басқа да ғимараттарды қалпына келтіру қажеттігіне назар аударды. Қысқа мерзімде жағдайды бағалауды жүргізу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісу міндеті тұр.

Құрылыс саласы одағының төрағасы Ералы Сауранбаевтың айтуынша, компания басшылары қаланы қалпына келтіруге және Алматының келбетін жақсартуға белсенді қатысуға дайын. Бүгінде құрылыс компаниялары қызметкерлері қала әкімдігі ғимаратын тазартып жатыр. Оған шамамен 660 адам жұмылдырылып, жақын арада тазарту жұмыстары аяқталады. Қираған жиһаз, кеңсе техникасы, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы