435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде 11 өңір «қызыл» аймаққа өтті

  • 233
  • UPD: 10:01, 14.01.2022
Елімізде 11 өңір «қызыл» аймаққа өтті

Кешелі бері елде 10 мың 418 адам коронавирус жұқтырды. Бұл арғы күнге қарағанда 1300 адамға көп.

Науқастардың көбі Нұр-Сұлтан қаласында. Мұнда бір күнде 5 жарым мың птр сынамасы адам ағзасында вирустың барын көрсеткен. Алматы екінші орында тұр. Онда тәулігіне 1 мың 115 адамнан вирус анықталды. Шымкентте де жағдай күн санап қиындап барады.

Қазір аймақтарда 44 мың 794 адам коронавирустан емделіп жатыр, 76-сының жағдайы өте ауыр. 2 адам көз жұмды. 11 өңір эпидемиологиялық ахуал бойынша «қызыл» аймаққа өтті. Олар: Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда және Павлолар облыстары. «Жасыл» аймақта Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Хабар 24 телеарнасы