ҰҚШҰ бітімгерлері отандарына оралып жатыр

Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының бітімгерлері тұрғылықты жерлеріне оралып жатыр. Олар бұған дейін Қазақстандағы стратегиялық нысандарды уақытша күзеткен болатын.

Әскерилердің Иванов әуежайына барып қонып жатқандары түсірілген бейнежазбаны Ресейдің қорғаныс министрлігі таратты. Бітімгерлерді Ил-76 МД әскери-транзиттік ұшақтарымен әкеткен. Оларды аэродромның алаңында салтанатты жағдайда күтіп алды. Осыдан кейін бітімгерлер ұшақтағы техникаларын түсірді. Алдын ала дерек бойынша, Армения, Беларусь және Тәжікстанның контингентін де Ресей Федерациясының әуе-ғарыш күшінің ұшақтары әкетеді. Ал Қырғызстанның әскерилері өздері қайтады.

Айта кетейік, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының  бітімгерлік күші елімізден 23 қаңтарға дейін толық шығарылады.