Павлодар, Маңғыстау облыстары кәсіпкерлерінің шығыны расталмады

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүлік кезінде зиян шеккен кәсіпкерлік нысандарын тексере бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін 9 өңірдегі 1763 бизнес субъекті анықталды, оның 1600-ден астамы Алматыда. Сауда, қоғамдық тамақтану, қаржы секторы, логистика, БАҚ салаларында келтірілген шығын 94 млрд теңгеден асты. Алматыдағы залал 92 млрд теңгеден асқан. Байланыс орталығына 7053 қоңырау шалынған. Палатаның мәлімдеуінше, Павлодар және Маңғыстау облыстарының кәсіпкерлері зиян шеккендер тізімінен шығарылды. Себебі дерек расталмаған.